Жантүршілгерлік жол апатынан бір отбасының 5 адамы қаза тапты. Қайғылы оқиға күні кеше 18:45 шамасында Ақтөбе облысы Әлия ауылы маңында тіркелген. Мерседес жүк көлігі мен Вольсфаген поло көлігі соқтығысқан. Жеңіл көліктегі 50 жастағы әйел, 35-40 жас шамасындағы ер адам, 14 және 12 жас шамасындағы екі жасөспірім оқиға орнында жан тапсырды. Төрт жасар бала аудандық ауруханада қайтыс болған. Полиция департаменті жол-көлік оқиғасы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.