Биыл жыл басынан бері Түркістан облысында 24 ұлтаралық араздық орын алған. Оның басым көпшілігі кәмелетке толмағандар арасында жыныстық сипаттағы зорлық зомбылық оқиғалары. Келеңсіз жағдайлардың алдын алу үшін бүгін облыс орталығында арнайы семинар өтті. Жиында Президент Әкімшілігі Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығы меңгерушісінің орынбасары Ғалымжан Жайықбайұлы баяндама жасап, өңірдегі жағдайды мәлімдеді.