Түркістан
EN

Түркістан қаласын дамыту мәселесі жан-жақты сарапталды

126
27.08.2024

 Түркістан арнайы экономикалық аймағында жаңа 4 жоба іске қосылмақ! Осылай деген қала әкімі Нұрбол Тұрашбек облыс басшысына есеп берді. Айтуынша инвестициялық жобалар халықты жұмыспен қамтуға үлкен мүмкіндік беріп отыр. Сондай-ақ мәжілісте шаһардың өзекті мәселелері ортаға салынып, шешу жолдары талқыланды. Халықпен кездесулерде көтерілген мәселелердің орындалу барысы сараланды. Дархан Сатыбалды қала әкіміне шаһарды жан-жақты дамытуға күш салып, халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға басты назар аударуды тапсырды.