Түркістан облысы қысты жылы өткізуге әзір. Өйткені өңірде көмір қоры жеткілікті. Әлеуметтік нысандар қоймасын қатты отынға толтырған. Деседе тұрғындар мен жылыжай иелері әлі де көмір алуға асығар емес. Бұл туралы Түркістан облысы әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен өткен жиында айтылды. Алдағы жылыту маусымына 700 мың тоннадан астам көмір керек. Осы күнге дейін оның 157 мың тоннасы қамтылды. Тұрғындар 318 мың, ал жылыжайлар 283 мың тонна қатты отынды қолданады деп күтілуде.