Үкімет Қазақстанда АЭС салу бойынша республикалық референдум өткізу мәселелері бойынша қаулы қабылдады. Премьер-Министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен ғалымдар мен сарапшылар қауымдастығының қатысуымен өткен Үкімет отырысында Қазақстандағы атом энергетикасын дамыту перспективалары қаралды. Онда Премьер-Министр Қазақстанда атом энергетикасын дамыту мәселесі көптен бері көтеріліп келе жатқанын және бұл саланың келешегі зор екенін атап өтті. Үкімет басшысы атом энергетикасын дамытудың келесі кезеңіне көшу дұрыс қадам дейді. Бұл, әсіресе, еліміздің энергетикалық инфрақұрылымына жүктеме артып отырған бүгінгідей жағдайда бұл мәселенің маңызы айрықша. Себебі қазірдің өзінде энергетикалық қуат тапшылығы білініп жатыр.