12 бас жылқыны 50-ге жеткізіп, пайдаға шыққан шаруаға - «Ауыл аманаты» бағдарламасы сеп болған. Кентаулық Мұхит Әуесбайұлы осы бағдарлама арқылы төмен пайызбен несие алып, жылқы малының басын көбейтіп отыр. Оларды бордақылап, бар жоғы 1 жарым жылдың ішінде кәсібін өрге жүргізген шаруамен тілшіміз де сұхбаттасып еді.