Түркістан
EN

Қазақстанда жыл сайын 200 мыңға жуық бала жарақат алады

141
26.08.2024

 Елімізде жыл сайын 200 мыңға жуық бала жарақат алады. Оның 1,2 пайызы мүгедек болып қалады екен. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеді. Жарақаттардың басым бөлігі жол апаты, суға бату, улану, құлау оқиғаларынан болады. Мәселен, соңғы жылдары балалардың терезеден құлау фактісі көп тіркелген. Осы жылдың алғашқы жартыжылдығында 223 бөбек биіктен құласа, оның 12-сі көз жұмды.