Түркістан
EN

Қазақстан-Ресей ынтымақтастығының қазіргі жай-күйі мен перспективалары талқыланды

25
26.08.2024

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесіп, Қазақстан-Ресей ынтымақтастығының жай-күйін талқылады. Әңгімелесу барысында Президенттер сауда-экономика және энергетика салаларына қатысты уағдаластықтарды жүзеге асыру қажет екенін атап өтті. Сондай-ақ Владимир Путиннің Астанаға жоспарланған мемлекеттік сапарына дайындықтың сапалы болуын қамтамасыз етуге келісті. Мемлекет басшылары халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты.