Түркістан
EN

Туризмді дамытуда ірі жобалар жүзеге аспақ

55
26.08.2024

Енді Түркістан облысында RC Сola атауымен хош иісті сусындар шығарылмақ. Түлкібас ауданындағы кәсіпорын биыл жыл соңына дейін іске қосылады. Су зауыт аумағында орналатқан тереңдігі 170 метр ұңғымалардан алынып, итальяндық технологиямен тазартылады. Соңғы үлгіде жабдықталған жобаның жалпы құны - 7 млрд 600 млн теңге. Жаңа зауытпен өңір басшысы Дархан Сатыбалды аралап, жауапты сала жетекшілерімен кездесу өткізді. Көп ұзамай кәсіпорын өз жұмысын бастаса, ауданда 100-ге жуық жаңа жұмыс орны ашылады.