Елімізде жыл сайын 10 тоннадан аса есірткі тәркіленеді. Қаупі жоғары қылмыспен енді күрес күшейе түспек! Себебі, қаржылық мониторинг агенттігі мен Ішкі істер Министрлігі ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Мәселен, қазіргі таңда есірткі бизнесі дәстүрлі қаржыландырудан криптовалютаға көшкен. Оларға заңсыз криптовалюта ұйымдары қолдау жасап жатыр. Қос ведомство арнайы жиын өткізіп, есірткі саудасына тоқтау қоюдың іс-әрекет жоспарын құрды.