Жаңа оқу жылының басталуына санаулы күндер қалды. Баласына киiм-кешек пен оқуға қажеттi құрал-жабдықтарды сатып алу үшiн базарға ағылғандарда есеп жоқ. Әсіресе, үйінде бір емес, бірнеше мектеп оқушысы бар ата-ананың күйбеңі көбейген. Осындай көпбалалы отбасыларға қазір қайырымдылық қорлары да белсенді түрде қолғабыс етіп жатыр. Түркістанда «Ауылдағы ағайынның балаларына» қайырымдылық кеші өтіп, оқушыларға қажетті құрал жабдықтар мен мектеп формасы табысталды.