Тәжікстанда Қазақстанның мәдениет күндері өтіп жатыр. Оның аясында Душанбе, Худжанд және Бохтар қалаларында бірқатар мәдени шаралар жоспарланған. Мәселен, Ұлттық музейдегі бірегей жәдігерлерден жасақталған қазақ халқының сәндік-қолданбалы өнерінің көрмесі. Сондай-ақ отандық кинематографтар түсірген фильмдердің көрсетілімі. Ал дәл қазір Камоли Худжанди атындағы тәжік сазды-драмалық театрында Түркістан Конгресс холл көпсалалы кешенінің ұжымы өнер көрсетіп жатыр. Концертте біздің тілшіміз Айдос Игіліков те жүр. Толық мәліметті өзі айтып берсін.