Жамбыл облысында баласын сатқан келіншек ұcталды. Полицейлердің айтуынша, 22 жастағы әйел сәбиін босана сала, құрбысының танысына беріп жіберген. Тірі тауарға айналған бүлдіршін қазір үш жаста. Бұл құпия да үш жылдан кейін кездейсоқ анықталып отыр. Әуелі ол келіншек жезөкшелікпен айналысты деген күдікпен тіркеуге алынады. Полицейлер оның құжатын тексере келе сәбиі болғанын және оны бөтен отбасына бергенін әшкерлеген. Ал өзі оны бағып-қағуға шамам болмады деп түсіндірген. Қазір істің мән-жайы мұқият тексерілуде.