Түркістан облысының, Төлеби ауданында Жастар Рухы жастар қанатының ұйымдастыруымен БІР ТОЛҚЫНДА форумы өтіп жатыр. Ашық диалог алаңында еліміздің әр аймағынан келген жастар мен АМАНАТ партиясының төрағасы Ерлан Қошанов, Парламент Мәжілісінің депутаттары пікір алмасуда. Жастар саяси лагері аясында өтіп жатқан жиында біздің тілшіміз Бақдәулет Қанатұлы да жүр. Бақдәулет, ашық пікір алмасу алаңында нендей ойлар айтылды?