Сайрам ауданында мал шаруашылығын дамыту қолға алынды. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды осы бағытта атқарылып жатқан жұмыстарды пысықтады. Қазіргі таңда ауданда 200 мыңнан астам ірі қара бар. Күніне орта есеппен 3 мыңға жуық мал сойылады. Алдағы уақытта аймақта ретсіз сауданың жолы кесіліп, санитарлық талапқа сай болуы бақыланады. Бұл тұста барлық жауапты сала басшыларына нақты тапсырмалар берілді.