Шымкентте жетінші сынып оқушысы дене шынықтыру сабағынан кейін көз жұмды. Қайғылы оқиға дарынды балаларға арналған № 1 лицей-интернатында болған. Бірден хәлі нашарлаған жасөспірімді дәрігерлер аман алып қала алмаған. Мамандар оған жедел жүрек-өкпе жеткіліксіздігі диагнозын қойған екен. Ал денсаулық сақтау басқармасы жетінші сынып оқушысы оқитын лицейде балаларға Pfizer вакцинасы салынғанын мәлімдеді. Алайда жасөспірімнің анасы екпе алудан жазбаша түрде бас тартқан.