Түркістан облысы Созақ ауданының тауларында Маугли адам өмір сүріп жатыр.Тіпті кескін келбетіне дейін ұқсас. Шашы белуардан келеді. Тау басына күрке тігіп, жападан жалғыз өмір сүреді дейді. Жергілікті тұрғындардан естіген осы бір әңгімеге көз жеткізу үшін арнамыздың түсірілім тобы жолға шықты.