Түркістан
EN

Сиыр тиелген жүк көлігі аударылды

77
22.08.2024

21 тамыз күні Қостанай облысында 23 сиыр тиеген ауыржүктасығыш көлік аударылды. Оқиға Қостанай-Мамлют тасжолында орын алған. 34 жастағы Volvo жүк көлігінің жүргізушісі тізгінге ие бола алмай қалған. Ол Солтүстік Қазақстан облысынан Заречное кентінің ет комбинаттарының біріне 23 бас ірі қара мал апара жатқан. Абырой болғанда, жүргізуші дін аман. Алайда бірнеше сиыр жарақат алған. Олар манипулятор арқылы межелі жерге жеткізіледі.