Түркістан
EN

Тауда адасып кеткен турист құтқарылды

85
22.08.2024

Алматыда тауға шығам деп аяқ-қолы сынған турист құтқарылды. 21 жастағы жігіт Іле Алатауының Башут шыңында құлаған. Құтқарушылар оның зақым келген аяқ-қолына арнайы шина қойып, алғашқы көмек көрсетті. Одан соң арнайы альпинистік құрал-жабдықтың көмегімен туристі зембілге салып, 3400 метр биіктіктен түсірді. Қауіпсіз жерге жеткен соң зардап шегушіні жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырған.