Түркістан
EN

Дархан Сатыбалды «Жайлы мектеп» мердігерлерінің жұмысын сынға алып, ескерту жасады

53
22.08.2024

 "Әртүрлі сылтау, бос сөз айтып, баланың тірлігін жасаудың қажеті жоқ". Мектеп салып жатқан мердігерлермен кездескен Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды олардың жұмысын осылай сынға алды. Себебі жаңа оқу жылының басталуына аз ғана уақыт қалды. Бірақ өңірде жаңадан салынып жатқан кейбір мектептердің құрылысы әлі бітер емес. Олардың ішінде "Жайлы мектеп" ұлттық жобасы аясында құрылысы басталған білім ошақтары да бар екен.