Түркістан
EN

Түркістанда өңірлік кадрлық резервке іріктеудің қорытынды кезеңі аяқталды

144
21.08.2024

Түркістанда өңірлік кадрлық резервке іріктеудің қорытынды кезеңі аяқталды. Жастар үшін ашық және тиімді әлеуметтік саты болған сайысқа 600-ден астам адам құжат тапсырған. Құрылымдық сұхбатқа өңірлік кадр комиссиясының төрағасы, облыс әкімі Дархан Сатыбалды төрағалық етті. Сайысқа қатысқан кандидаттар таңдаған салалық бағытына сәйкес дайындаған жобаларын таныстырды. Комиссия мүшелері тарапынан туындаған сауалдарға жауап берді. Үміткерлер денсаулық сақтау саласын дамытып, ардагерлер үйлерін модернизациялау, мүмкіндігі шектеулі жандарға жағдай жасаудың жаңа жолдарын ұсынды. Халықтың табысын арттыру жолдарын, тарихи құндылықтарды сақтау тәсілдерін таныстырып, төлем саласын цифрландырудың жаңа жолдарын көрсетті. Екі күнге жалғасқан іріктеудің қорытындысымен 50-ден астам үміткердің ішінен үздік деп танылған 30 жас өңірлік резерв құрамына қабылданады. Енді Олар жергілікті атқарушы органдарда «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына конкурстық іріктеусіз орналаса алады.