Түркістан облысында Конго-Қырым қанды безгегін жұқтырған тұрғын қайтыс болды. Марқұм кене шаққанда аса қауіпті инфекцияны жұқтырған. Бүгінде облыс бойынша 1332 кене шағу жағдайы тіркелген. Оның ішінде Бәйдібек, Мақтаарал, Ордабасы, Отырар, Сайрам аудандары мен Арыс қаласы аумағында тұрғындарды бірнеше рет кене шаққан. Осыған байланысты Түркістан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мамандары аса қауіпті инфекцияны жұқтырып алмас үшін, міндетті түрде жеке басты қорғау, сақтану құралдарын пайдалану керектігін ескертеді.