Елордада толассыз жауған жауған қардың салдарынан 20-ға жуық әуе рейсі кешікті. Ал әуежай бірнеше сағатқа жабылып қалған. Бір күнде 45 жол-көлік оқиғасы болып, 5 адам зардап шеккен. Түні бойы жауған қалың қардан жолдарда кептеліс болып, жұрт діттеген жеріне жете алмай жатыр.
Шаһар әкімдігінің мәліметінше, қар күреу жұмыстарына 2 мыңға тарта адам жұмылдырылды. Қазір қаладағы коммуналдық кәсіпорындар тоқтаусыз жұмыс істеп жатыр.