Түркістан облысында 100 мыңға жуық мүгедектігі бар тұрғын есепте тұр. Оның 84 мыңнан астамы ересек болса, 15 мыңға жуығы бала. Бүгінде оларға жұмыспен қамту, сауықтыру, бейімдеу үшін 14 мекеме жұмыс істейді. Көп ұзамай тағы бір оңалту орталығы іске қосылмақ. Сауран ауданы Ораңғай елді-мекенінде орналасқан нысан қазан айында тапсырылады деп күтілуде. Бүгінде онда мамандарды жұмысқа қамту үшін бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтті. Мекеме қандай мамандарды іздейді? Толығырақ тілші тарқатсын.