Түркістан
EN

Денсаулық сақтау вице-министрі келді

96
21.08.2024

Түркістан облысына ҚР Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Тимур Сұлтанғазиев келді. Алдымен аймақтың медицина қызметкерлерімен кездесіп, алғашқы жартыжылдықтың қорытындысын талқылады. Жиында аймақтың бас дәрігері Асхан Байдуәлиев баяндама жасап, 49 медициналық нысанның құрылыс барысына тоқталды. Мәселен, құрылысы 4 жыл бұрын басталған 570 орындық облыстық көпбейінді аурухананың қазір 65 пайызы дайын. 15 га аумақты алып жатқан нысан аймақтағы біраз мәселені шешеді деген үміт бар.