Түркістан
EN

Көмірді негізсіз қымбаттатқан

81
21.08.2024

Елімізде ішкі нарыққа отын жеткізетін үш ірі кәсіпорын көмір бағасын негізсіз қымбаттатқан. Көмір кей жағдайларда негізгі бағадан бірнеше есе өскен. Қазір бұл кәсіпорындарда тексеру жүріп жатыр. Бұл туралы жылыту маусымы қарсаңында Қаржылық мониторинг агенттігінің алаңында ұйымдастырылған ведомствоаралық кеңесте айтылды. Жиын барысында халыққа көмірдің маусымдық қымбаттауы мен тапшылығына жол бермеуге бағытталған өзара іс-қимыл мәселелері талқыланды. Қаржы министрі Мәди Такиев көмір нарығында көптеген делдалдардың бар екенін атап өтті. Оларды жою мақсатында мониторинг жүргізіліп, негіздер анықталған жағдайда кешенді тексерулер басталатынын айтты. Кездесу қорытындысы бойынша әлеуметтік көмірдің жасанды қымбаттауы мен тапшылығын болдырмауға бағытталған нақты іс-шаралар мен орындалу мерзімдері көрсетілген жол картасына қол қойылды.