Түркістан
EN

Жарығы жоқ көшеде мопедші қоршауға соғылып, қайтыс болды

105
20.08.2024

Ажалы мопедден келді. Алматыда жарығы жоқ көшеде жүргізуші қоршауға соғылып, қайтыс болды. Ал оның жанындағы серігі жансақтау бөліміне түскен. Кадрда көшенің соңғы бөлігі жарықсыз екені көрінеді. Ал қатты жылдамдықпен келген мопед қоршауды көрмей, қақпаға соғылды. Қайғылы жағдайдан кейін аудан әкімдігі сол көшені тексеріп 121 шамның екеуі істемейтінін анықтаған. Бүгінде ондағы 28 шам ауыстырылыпты.