Түркістанда Өңірлік кадрлық резервке іріктеудің қорытынды кезеңі басталды. Алғаш рет өтіп жатқан байқауға 634 үміткерден өтінім түскен. Облыс әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен басталған кадр комиссиясы алдында 50 үміткер өз жобасын қорғады. Олардың ішінде үздік деп танылған 30 жас өңірлік резерв құрамына кіреді. Үміткердің басым бөлігі Астана, Алматы және өзге де өңірлерде жоғары білім алып, ауылға оралған. Іріктеу өңірдегі 6 салалық бағыттағы кадр қажеттілігін ескере отырып айқындалды. Кадрлық резервке үміткерлер индустрия және өнеркәсіп, экономика және қаржы, әлеуметтік сала мен инфрақұрылым және өзге де салаларда бақ сынады. Комиссияның шешімі негізінде өңірлік резерв жасақталады. Ал байқаудан озық шыққандар бос лауазымдарға конкурссыз тағайындала алады. Резервте болу мерзімі – 2 жыл.