Астанаға 100 мыңға жуық турист келуі мүмкін. 8-13 қыркүйек аралығында өтетін Дүниежүзілік көшпенділер ойынына дайындық барысымен бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өзі танысты. Оған әлемнің 89 елінен 2800 қатысушы мен ресми делегация мүшелері келеді. Жалпы сайыстың 21 түрінен 97 медаль сарапқа салынады. Халықаралық дода аясында 150-ден астам мәдени іс-шара жоспарланған. Мәселен, этноауылда Көшпенділер мәдениеті музейі, қолөнершілер және мүсіндер көрмесі, ал Ұлттық музейде халықаралық ғылыми-практикалық конференция ұйымдастырылады. Осыған орай, 20-дан астам қонақ үйдің, туристер жиі баратын орындардың дайындығы пысықталды