Түркістан
EN

Биыл қазақстандықтар көмірсіз қалуы мүмкін

49
20.08.2024

Биыл еліміздің 6 өңірі көмірсіз қалуы мүмкін. Абай, Қызылорда, Қарағанды, Ақмола, Шығыс Қазақстан облыстары және Астана қаласында көмір дайындау жұмыстары төмен екені анықталып отыр. Бұл туралы Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев баяндады. Премьер-Министр Олжас Бектенов көмір қорын ерте жинау туралы бұған дейін бірнеше рет айтылғанын еске салып, көрсеткіші төмен өңірлерді сынға алды. Ал Қанат Шарлапаев аталған өңірлерде жұмысты жандандыратынын айтты. Айта кетейік, алдағы жылыту маусымына көмірге қажеттілік 8,6 млн тонна. Оның ішінде 2,3 млн тоннасы – коммуналдық тұрмыстық қажеттілікке, 6,3 млн тоннасы халық пайдалануына қажет.