Енді тұрғындар «Taza Qazaqstan» қосымшасы арқылы лас аймақты тазалауға ат салыса алады. Бүгінге дейін телефон қосымшасы арқылы 320 өтінім түсіп, оның 297-сі орындалған. Өтінімдердің дені аулаларды тазалау, өсімдіктерді күтіп баптауға байланысты. Айта кетейік, өңірде жоба аясында өткен аптаның өзінде-ақ 4 мыңға жуық тұрғын 33 елді мекенді тазалап үлгерген. Сондай-ақ 59 техника жұмылдырылып, 67 тоннаға жуық қоқыс шығарылды.