Түркістан
EN

Шекара маңында орналасқан тұрғындар интернетпен қамтылды

94
20.08.2024

Облыс аумағындағы ауылдық елді мекендерді сапалы интернетпен қамту жол картасына сәйкес, Сарыағаш ауданында қарқынды жұмыс жүріп жатыр. Бүгінде аймаққа  20-дан аса базалық станция орнатылуда. Әзірге Достық-2 шекара аумағында орналасқан елді мекендер үй жағдайындағы интернетке қосылды. Көп ұзамай Ынтымақ, Бостандық, Еңкес, Дербісек ауылдарында да жоғары жылдамдықты интернет қолжетімді болмақ. Бұл өз кезегінде, ауыл тұрғындарына қашықтан оқуға, жұмыс істеуге және заманауи цифрлық технологиялардың барлық артықшылығын пайдалануға мүмкіндік береді.