Түркістан облысында 4 индустриалды аймақ құрылды. Өндіріс алаңдары Қазығұрт, Сауран, Сарыағаш және Келес ауданында бой көтерді. Бұл туралы облыс әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен өткен аппарат мәжілісінде айтылды. Индустриялды аймақ аудандар дамуына сеп болмақ. Себебі онда инфроқұрылымға кеткен шығыннан 10 есе қымбат жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндік бар. Өңір басшысы жаңа нысандардың инфроқұрылым жүйесіне қатысты мәселелерді шешу керектігін айтты.