Түркістан облысының Сайрам ауданында ерекше жан тұрады. Аслан Қаратаев тағдыр тауқыметімен екі аяғынан айрылса да сағы сынып, өмірден түңілген емес. Қайта еңбекке араласып, ел-жұртқа пайдасын тигізіп жүр. Ауласында ауыр техника жөндеп, әулетіне қамқор болып отыр.