Түркістанға жұмыс сапарымен ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева келді. Ондағы мақсат - өңірдегі маңызды мәдени мұра нысандарындағы қалпына келтіру жұмыстарының барысымен танысу болса керек. Сапар барысында Аида Балаева "Әзірет Сұлтан" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығына барып, 2023 жылы Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша "Ұлттық" мәртебе беру мәселесіне тоқталды. "Жыл сайын 350 мыңнан астам адам келетін жер Қазақстанның ең қастерлі мекендерінің бірі", - деп атап өтті министр. Содан соң ол Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне , Қылует жерасты мешіт мен Яссы-Күлтөбе ортағасырлық қалашығына барды. Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне барған кезде Аида Балаева оны сақтаудың нақты шаралары талқылап, шұғыл іс-қимылдардың қажеттігі анықтағанын атап өтті.