Түркістан
EN

Жатыр мойны обыры жасарып барады

101
19.08.2024

Қазақстанда жылына 1900 жатыр мойны обыры тіркеледі. Жылына 600 әйел осы аурудан көз жұмады. Соңғы жылдары бұл кесел тіпті тұрмыс құрмаған қыздар арасында тіркеле бастаған. Сол себепті елімізде қыркүйек айынан бастап адам папиллома вирусына қарсы екпе егу науқаны басталмақ. Бұл туралы Түркістан облысына арнайы жұмыс сапарымен келген денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері хабарлады. Америкада дайындалған вакцина еліміздегі 11 жасқа толған әр қызға ата-анасының келісім бойынша тегін салынады деп жоспарланған. Мамандардың айтуынша, аталған екпе зерттеулерден өткен, тиімділігі жоғары әрі қауіпсіз.