Түркістан
EN

Құс аулаушылар қылмыстық жазаға тартылады

80
19.08.2024

Алдағы 3 айда Түркістан облысында сұңқар тектес құстарды заңсыз аулаушылардың жолын кесу жұмыстары жүргізіледі. Сұңқар тектес құстардың қатарына ителгі, лашын, ақсұңқар секілді қанаттылар жатады. Табиғат сақшыларының айтуынша соңғы жылдары елімізде бұл құстардың саны тым азайып кетіпті. Қазақстанда олардың ұялайтын 100-150 жұбы ғана қалыпты. Жалпы, Қызыл кітапқа енген қанаттыларды аулағандарға заң бойынша жаза қатаң. Қылмыстық жауапкершілікке тартылып, 7 млн 753 мың теңге көлемінде айыппұл арқалайды.