«Өмірге құштар жандар» Дәл осындай атаумен Түркістан облысы Сауран ауданында зағип жандар арасында сайыс өтті. Жарыс ауданның құрылғанына 3 жыл толуына орай ұйымдастырылған. Ондағы негізгі мақсат - зағип жандар арасында спортты насихаттау, олардың өмірге деген қызығушылығын арттыру.