Енді диқандар егістен тек мол өнім алудың жолын ғана емес, ауру мен зиянкестермен күресудің жолын да біле алады. Бұл жағдай агрофорумның арқасында мүмкін болып отыр. Оны ұйымдастырушы – КМФ микроқаржы ұйымы мен КМФ демеу қоры. Агрофорумға арнайы келген ғалымдар нәпақасын егіннен тауып отырған жандарға бар білгенін айтты.