Түркістан
EN

Тәуелсіздік археологияны түлетті

195
26.11.2021

Тәуелсіздік археология саласын қайта түлетті. Оның бір көрінісі 1996 жылы «Түркістан» экспедициясының құрылуы еді. Зерттеушілерге басшылық еткен белгілі ғалымдар Ерболат Смағұлов пен Марат Тұяқбаевтар рухани астананың тарихын қайта жаңғыртуға өлшеусіз үлес қосты. Қысқа мерзімнің ішінде Түркістанның маңайындағы 50-ден астам қала мен қоныстың зерделенуі сөзімізді қуаттайды.