Түркістан
EN

Президент жұмыс сапарымен Ақмола облысына барды

174
16.08.2024

 Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ақмола облысына іс сапарында Родина ауылына барды. Елді мекенге сапарын ондағы мәдениет үйінен бастады. Мекеменің жұмыс барысымен танысып, мәдениет үйі өнерпаздарының «Достық шуағы» композициясын тамашалады. Тұрғындармен тілдесті. Сонымен қатар Президент Родина ауылының «Наша родина» супермаркетін, «Достық» саябағы мен жалпы орта білім беретін мектебін аралап көрді. Президент одан әрі «Родина» агрофирмасының өндірістік нысандарымен танысты. Кәсіпорынның бас директоры Иван Сауэр серіктестіктің сүт бағытын дамыту жоспары туралы баяндап, жаңа сауын цехы салынып жатқанын айтты. Президент зауыт жұмысшыларымен әңгімелесіп, «Родина» агрофирмасының үлгілі шаруашылық екенін айтып, жұмыс жүйесі дәл осы қарқында жалғастыруға шақырды.