Түркістан облысы бойынша Қазынашылық департаменті 8 млн теңгені заңсыз иемденген. Бұл туралы Бас прокуратура мәлімдеді. Департаменттің лауазымды тұлғалары «Сырдария-Түркістан мемлекеттік өңірлік табиғи паркі» есепшілерімен сөзбайласу арқылы мекеме қызметкерлерінің санын негізсіз ұлғайтып, ақша жымқырған. Сондай-ақ жұмысшылардың еңбек құқықтарын бұзып, жеке қаржыландыру жоспарын негізсіз қолдап, үнемделген қаражатты басқа бюджеттік бағдарламаларға аударған. Облыс прокуратурасы тергеу жүргізу үшін істі Экономикалық тергеп-тексеру департаментіне тапсырды.