Биыл Түркістан облысында 50-ге жуық медициналық нысан салу жоспарланған. Бүгінде 30 ғимараттың құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Ал, қалған жобалардың мердігер мекемелері анықталып, құрылыс жұмыстары 19 тамызда басталады деп жоспарлануда. Бұл туралы бүгін облыс әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен өткен отырыста айтылып, өңір басшысы жауаптыларға тиісті тапсырмалар берді.