Түркістанның тарихи- мәдени ескерткіштері облыстық қоғамдық кеңес мүшелерінің бақылауында. Дәлірек айтқанда, бүгін бір қоғам белсендісі "Әзірет-Сұлтан» мемлекеттік қорық музейіне, Қожа Ахмет Ясауи кесенесі мен Рабия бегім кесенесіне эко-бақылау жұмыстарын жүргізе бастады. Қоғамдық кеңес мүшелері тарихи-мәдени орындардың жәй күйін бақылап, оларға қауіп төнген және зақым келген жағдайларды ескеріп тиісті ұсыныстар енгізеді. Бүгінгі бақылау шешімі бойынша кесене маңы таза әрі, туристерге қолайлы деп танылды.