Жыл басынан бері елімізде 100-ге жуық бала терезеден құлап, зардап шеккен. Өткен жылы 170-ке жуық осындай оқиға болыпты. Әсіресе жазғы демалыс кезінде мұндай оқиғалар көптеп тіркелетін көрінеді. Жазатайым жағдайдың алдын алу үшін Түркістандық тәртіп сақшылары тұрғын үйлерді аралап, үй иелерімен тілдесті. Сақтық шараларын түсіндірді.