Мемлекеттің 2 жарым миллиард теңгесін қалтасына басқандар ұсталды. Карантин басталып, оқушылар онлайн оқуға көшкенде білім министрлігінің жарлығымен белгілі бір отбасыларға ноутбук үлестірілген еді. Осы сәтті оңтайлы пайдаланбақ болған мердігер бөлінген қаражатты негізсіз пайдаланған. Облыс бойынша тапсырыс берілген 22 мыңға жуық техниканың барлығы түгел келгенімен, талап сай болмаған. Бұл іске кімдердің қатысы бар?