Зейнеткер Қызыл кітапқа еңген жануарды сойып, мүйізін алған. Бәйдібек ауданында 69 жастағы қарияның үйін тінту кезінде полиция қызметкерлері басқа да заңсыз заттарды тапты. Ол қару-жарақ, 100-ге жуық патрон, 12 калибрлі тегіс ұңғылы мылтықты заңсыз сақтаған. Қазір осы факт бойынша сотқа дейінгі тексеру басталып кетті. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін тергеу жүргізіліп жатыр.