Күл-қоқыстан көз ашпай отырмыз! Осылай деген Шымкенттік тұрғындардың қоқыс тасымалдаушы мекемелерге өкпесі қара қазандай. Айтуларынша аталған мекемелер қызмет бағасын 2 есе көтерген, алайда міндеттерін дұрыс орындамай отыр. Осының кесірінен тұрмыстық қалдықтар дер кезінде тазаланбай, жол бойында үйіліп жатыр екен. Тақырыпты толығырақ тілші жалғастырады.