Түркістан
EN

Маңғыстау облысында алпыс мұғалім жалған дипломмен жұмыс істеп келген

134
15.08.2024

Маңғыстау облысында 60 мұғалім жалған дипломмен жұмыс істеген. Мұны облыстың білім басқармасы тексеру кезінде анықтаған. Олар бір емес, бірнеше жылдар бойы оқушыларға сабақ беріп келген. Жалған құжат жасатып, айлық алған 60 мұғалімнің барлығы жұмыстан қуылды. Облыстың білім басқармасы жалған ұстаздарды жұмыстан қуғаннан бөлек, сотқа да берген. Осылайша айлыққа төленген қаражатты мемлекет бюджетіне қайтарып алмақ.