Бүгін қазақтың мақтанышы Димаш Құдайберген Түркістан қаласына келді. Облыс әкімі Дархан Сатыбалды әншімен арнайы кездесіп, құрмет көрсетті. Өңір басшысы сіздің бұл сапарыңыз – облыстың руханият саласына, өңір туризмін дамытуға зор серпін береді деп ойлаймын деді. Себебі әнші Түркістан облысының көрікті жерлерінде кезекті бейнебаянын түсіріп жатыр. Алдымен Бәйдібек ауданындағы киелі орын саналатын Ақмешіт үңгіріне барған. Тылсым мен ғажайыпқа толы табиғат жаратылысына ниет етіп келетіндер мен қатар қызығушылық танытатындар туристер деп көп. Ал бүгін облыс орталығындағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесі мен қаланың көрікті орындарында түсірілім жұмыстарын жасапты. Әнші өз сөзінде Түркістанның рухани орталық ретінде қарыштауына таңданысын жеткізіп, өңір басшысына алғысын жеткізді.